Bugin

Павлодарда 21 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

Павлодарда 21 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

8 қаңтарда жоғалған Мәдина Қазбекпайдың анасы полицияға жүгінген. Бойжеткен үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған.

Қыздың белгілері: арық денелі, бойы 150 см, көздері қоңыр, шашы қара, мұрнының үстінде мең бар.

"Қазіргі уақытта аулаларды аралап, куәгерлер, туыстары, достары мен көршілерінен сұрастырып жатыр. Облыс полициясының барлық жеке құрамы іздестіруге жұмылдырылды", - деп хабарлады департамент. 

Полицейлер Мәдина Қазбекпайдың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерді 8 (7182) 37-76-10, 37-76-12 немесе 102 нөмірлеріне хабар беруді сұрады.