Bugin

Елімізде жойқын зілзала болатыны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Осыдан бірер апта бұрын әлеуметтік желіде бір блогердің халықты дүрліктірген видеосы тарады. Онда желі қолданушысы 15 қаңтар күні қалада жойқын зілзала болатынын хабарлаған. Бірақ жауапты мамандар оны ресми түрде растамады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 Өйткені қалада магнитудасы 5.5 баллдық дүмпу күтілмейтінін арнайы зерттеулер арқылы анықтаған. Мамандар  қаланың астаң-кестеңін шығаратын жер сілкінісі 7 баллдан басталатынын айтты.  Қазір қалаға төнетін қауіп жоқ.

Мамандар қаладағы 17 мың ғимаратқа сейсмотексеріс жүргізген екен. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы басшысының орынбасары Нұрсарсен Өзбеков:

"Қандай мәлімет келіп түссе де, оның нақтылығын ескерген жөн. Ол мәлімет қайдан келіп жатыр? Блогерлерден бе, жер сілкіністерінің заңдылықтарын білетін адамнан келіп жатыр ма, жоқ тосын бір жол-жөнекей блогерлерден келіп жатыр ма, соған ден қойған дұрыс. Себебі мамандардың айтатын шешімі, олардың айтқан жөн сілтеген жолдары ғылыми деректерге негізделген",-деді.