Bugin

"Әйелін қызғанып, атып тастаған": Өскеменде белгілі спортшы қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: "Криминальный Казахстан" телеграм каналы

Өскеменде танымал спортшы, жекпе-жек шебері Эльер Юнусметов көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Криминальный Казахстан" телеграм арнасына сілтеме жасап.

Каналдың ақпаратында, қаза болған ер адам - белгілі спортшы, халықаралық деңгейдегі ММА шебері Эльер Юнусметов екені жазылған. Эльер кикбоксинг, самбо, бокс, қоян-қолтық ұрыс, тай боксынан өткен аудан, облыс, республикалық және халықаралық чемпионаттардың чемпионы атанған. 

13 қаңтарда күндіз Өскемен қаласында көшедегі 1-подъезд алдынан 33 жастағы Юнусметов Е.И.ның денесі табылды. Иегі мен мойнынан алған оқ жарақатынан қайтыс болды.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 26 жастағы А.К. Тюебаев есімді азамат ұсталған. Алдын ала болжам бойынша ер адам 23 жастағы келіншегін Юнусметовтен қызғанғандықтан қылмысқа барған көрінеді.

"Оқиға бойынша бойынша кісі өлтіру (ҚР ҚК 99) бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны айтылды.