Bugin

Алматының қақ ортасында жүк көлігі жер астына түсіп кетті (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: куәгер суреті

Алматыда жүк көлігі жерге құлап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Видеоны редакцияның WhatsApp желісіне оқырман жолдаған

Куәгерлер оқиғаның Орталық стадион маңындағы мұз орталығын салу кезінде болғанын хабарлады. Олардың айтуынша, жүргізуші зардап шекпеген. Сондай-ақ "бұрын құрылыс алаңында жертөле болғанын" атап өтті.

Оқиға орнына полиция да барды.

"Бостандық АІІБ-нің полиция бөлімінен хабарлағандай, аталған факті тіркелді, бастапқы өндіріс материалдары тиісті тексеру үшін еңбек инспекциясына жіберіледі", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, жүргізуші зардап шекпеген.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздар.