Bugin

"Ақыры керегі болмай қалды". Жүрсін Ерман туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: kazyret_berdikhan инстаграм парақшасы

Ақын, қазақтың айтыс өнерін көгілдір экран бетіне шығарған Жүрсін Ерманның денсаулығына қатысты тың ақпарат белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі айтыскер ақын Қазірет Бердіханның инстаграм парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айтыскер ақын:

"Бүгін ерекше қуанышты күн болды. Әдеттегідей Жүрсін ағамызды дәрігеріне апаруға үйіне бардым. Сөйтсем, көкеміз есік алдына шығып күтіп тұр. Арбасы жоқ. Қолында таяғы ғана. Қуанып кеттім. Сол арбаның серік болғанына бір жылдан асып еді. Ақыры керегі болмай қалды. Аяққа тұрды, елдің батасы қабыл болды деген осы шығар!

Бұйырса осы фотодағыдай ортамызда күліп жүріуді нәсіп етсін",-деп жазды.

Соңғы кезде Жүрсін Ерман көпшілік орындарға арбамен барып жүрген еді.