Bugin

"Ананың да балалардың да жағдайы ауыр": төртем дүниеге келді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Азия Плюс

Тәжікстанның Хуросон ауданында 27 жастағы әйел төртемді дүниеге әкелді. Дәрігерлер балалар мен олардың анасының жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Азия Плюс сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бури Вохидов атындағы Хатлон клиникалық ауруханасының бас дәрігері Хушнуд Баходурзода "Азия-Плюс" тілшісімен сөйлесті. Оның айтуынша, 14 қаңтарда салмағы 1 келі 600 граммнан 1 келі 700 граммға дейін екі ұл мен екі қыз дүниеге келген.

Балалардың анасы Мижгона Асоева – Қызылқала ауылының тұрғыны. Бұған дейін оның бір баласы болды.

"Балалардың дүниеге келгеніне екі күн болды. Олар дәрігерлердің бақылауында. Нәрестелерді құтқару үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Ананың да, балалардың да жағдайы жақсы болады деп үміттенеміз", - деп қосты Баходурзода.

Тәжіктсанда осыған дейін бес-алты сәбиді бір уақытта өмірге келген жағдайлар тіркелген еді.