Bugin

"Әкем анамды өлтірді": жас қыз отбасындағы сұмдықты айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан скриншот

Zor tv арнасындағы “Жүректен сөйлейміз” бағдарламасында жантүршігерлік жайттың беті ашылды. Қыздар анасын әкелері өлтіргенін айтып, көпшіліктен көмек сұрады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның үлкен қызы оқиға қалай болғанын баяндады:

“Анамның төркініндегі ауыл басшысы келді үйімізге. Ол участковыймен полициямен келді. “Қызым мақсатың не” деп сұрады.Анам әкеммен сөйлесіп, әйелін ұрғанның дұрыс еместігін түсіндіруді өтінді. Мен 23 жылдық некемді бұзып, 5 баламды көшеге тастағым келмейді деді.Олай жасасақ ұят болады деді. Сол күні ауыл басшысы сөйлесіп кетті.

Сол күні 12-де анам әкеммен сөйлесіп датыр екен телефонмен. Әкем боқтап, жаман сөздер айтты. Анам әкемнен ажыраспауды сұрады. Әкем көнбей қойды.Анам қатты уайымдады.

Мен жұбаттым. “Ана, мен неге қашып келдім сізге. Маған төртінші әйел аламын” деп айтты ғой. “Шыдасаң осы, шыдамасаң, кет” деді. Анама қадіріңді білмейтін еркекпен тұрма дедім. Мен жылап, кейін шетелге апарып, өзі армандаған нәрселердің бәріне жеткізетінімді айттым.

Таң атқанда қарасам, анам жоқ. Асханада жоқ екен. Малға қарағанды жақсы көретін. Іздеп қораға бардым. Анам аулада тұт ағашында асылып тұр екен. Ол сәттегі сезімімді айта алмаймын”,-деді қызы.

Асылып тұрған анасын қызы өз қолымен жіпті қайшымен кесіп түсірген. Ол сәтте анасының жаны үзіліп кеткен екен. Оқиға орнынан сурет түсірілген екен. Екі қызы әкесі анасын өлтіріп, сосын өлтірген деп күмәнданып жатыр.

Бағдарлама барысында ер адамға қоңырау шалынады. Күдікті қыздарының куәгерлік сөзіне қарамастан, әйелін ұрғанын мойындамады.