Bugin

"Қабырғасы сынып, өкпесіне кіріп кеткен": Малшыны ауылдастары жауыздықпен өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Малшыны ауылдастары жауыздықпен өлтірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.

Оқиға Алматы облысы, Нарынқол ауданында болған. Төрт баланың әкесі Қадіржан Темірғалиевті өз достары сабап кеткен көрінеді. Бірақ, ер адам үйіне өз аяғымен келген. Марқұм үйге келгеннен бір сағатқа жетпей көз жұмған. Ал айыпты деген үш адамның біреуі ғана қамалған.

"Үйге келді. Тыр жалаңаш келді. Қолында киімдері болды. Көздері көк. Бастары қанталап кеткен. Сау боп кірді. Ішпеген. Ешкім сүйреп алып келмеген. "Иығым" дей берді. "Маған жабылды" деді. "Мақсат, Ақылбек, Жеңіс" деді. Сол жатқаннан тұрмады. Қабырғасы сынып өкпесіне кіріп кеткен екен", -дейді марқұмның келіншегі.

Бірақ келіншек айыптылардың біреуінің ғана қамалғанына наразы.

"Мен тергеушіге бәрін айтып бердім. Ол үшеуінде алып кетті. Кейін екеуін жіберіп жіберген. Жеңіс қана түрмеде отыр", - дейді ол.

Босап шыққан Ақылбек Жазықбаев студияға келіп, өз шындығын айтты.

"Мақсат, Жеңіс, мен, Қадіржан аға төртеуіміз іштік. Сосын олар кетіп қалды. Мен үйде қалдым. Олар қызу еді. Бізді жоқ болып кетті деп жатыр. Тергеушілер "бармай тұрыңдар ауылға" деді. "Қанға қан, жанға жан" деп отыр" бәрі. Ал менің ешқандай кінәм жоқ", - деді айыпталушы.

Ал Мақсат Жеңіс пен қаза болған адамның төбелесінде "ажыраттым" деп айтқан.