Bugin

“Бесікке байлап, таяқпен ұрған”: 5 жастағы баласын азаптаған әйел сотталмақ

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

 

Фото: Балалар омбудсмені

Кәмелетке толмаған баласын азаптаған  әйелдің әрекеті анықталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Өзбекстанның балалар омбудсменіне  Шафирқон ауданында тұратын азамат Л.З. және С.Н. 2 жыл бойы кәмелетке толмаған баласын ұрып-соғып, азаптап жүргені туралы ақпарат түскен. Тіпті деректі дәлелдейтін бейнематериалдар қоса берілген екен.

С.Н. 2022 жылдың наурыз айынан бастап 2023 жылдың қараша айына дейін 2018 жылы туған баласы С.Ф.-ны бесікке байлаған күйінде таяқпен және басқа да заттармен үздіксіз ұрып-соғып, азаптап отырған.

Жағдайға байланысты әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің "а, в" тармақтары бойынша (кәмелетке толмаған адамды, жағдайы анық әлсіз адамды азаптау) қылмыстық іс қозғалды. Қазір Шафирқон аудандық ІІБ алдын ала тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.