Bugin

"Зейнет жасына 1 жыл қалған еді": Шуда пойыз 2 қызметкерді қағып, мерт қылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ҚТЖ ресми сайтынан

Шу станциясында кеше 2 теміржол қызметкері оқыстан пойыз қағып кетті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Станция маңайында 4 қызметкер вагондардан түсіп қалған пойыз жабдықтарын іздеуге шыққан. Сол мезетте №71 пойыз екі қызметкерді қағып кеткен. Екі қызметкер көз жұмған.

Марқұмдардың  бірі 62, екіншісі 57 жаста болған. Екеуі де теміржол қызметінде 20-30 жылға жуық қызмет атқарған. 

Ведмоство хабарламасында:

"2024 жылдың 21 қаңтар күні  07 сағат  27 минутта Шығанақ-Шоу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында теміржол көлігінің екі қызметкерімен жазатайым оқиға орын алды. Пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқан. Алайда  қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Барлық мән-жайларды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды.Тексеру басталды.
ҚТЖ қызметкерлердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және оларға қажетті көмек көрсетеді",-делінген.