Bugin

"13 күн із-түзсіз жоқ болған: Павлодарда жоғалған жас ананың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos

Ол қаладағы пәтерлердің бірінде болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қаңтарда  жоғалған әйелдің әкесі полициядан көмек сұраған. Оның айтуынша, 8 қаңтарда 26 жастағы қызы Павлодар қаласына кетіп, қайтып оралмаған. Үйде анасын екі жасар баласы күтіп отырған.

"Полиция дереу бағдар жасап, барлық аумақтық полиция бөліміне, сондай-ақ шекара маңындағы аймақтарға бағдар жіберді. Бізбен бірге еріктілер де іздестірді. Жастар жаппай жиналатын барлық орындар тексерілді, әлеуметтік желілерде ақпарат орналастырылды", – деді Павлодар облысы полиция департаментінің криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13 күннен кейін жоғалған адам қалалық пәтерлердің бірінде болғаны анықталды. Ол әкесімен келіспей қалған соң үйден кетіп, жасырынғанын айтқан. 

Сонымен қатар, әйел әңгіме барысында өзін біртүрлі ұстаған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, "опиоидты метаболидтерді – тропикамидті қолдану" фактісі анықталды.