Bugin

"Маған "оңбаған" демеңіз": Мектеп мұғалімі білім басқармасындағы былықты видеоға түсіріп, таратып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Желіде бір топ мұғалімнің еңбек кітапшасына қатысты ұрысының видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз https://t.me/buginkz_kz/5157

Видеода "Алматы облысы білім басқармасында болған жағдай" деп көрсетілген. Ол жерде ұстаз жылап тұрып, еңбек кітапшасында қате кеткенін айтады. Ал жанындағылар оны оңай түзетудің заңсыз жолдарын ұсынған.

"Енді мынауым түкке жарамайды. Еңбек кітапшам ештеңеге жарамай қалды. Маған "оңбаған" деп сөйлемеңіз. Жұмыстан шығарсаңыз да олай сөйлемеңіз. Мен мұғалім ретінде сұрап тұрмын. Сіз мені жұмысқа алған жоқсыз", - дейді видеоны түсірген мұғалім.