Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: depositphotos.com
АҚШ-та үш баласын өлтірген ананың ісіне қатысты жаңа деректер шықты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі dailynews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Лос-Анджелес Жоғарғы сотында Эрик Дентон екі қыздың анасы Лилиана Карриллоның психикалық денсаулығының нашарлау белгілерін айтқанда байыпты қараған қызметкерлерді айыптады.Балалардың әкесі:
“Полиция ақпаратты округтік әлеуметтік қызметкерлерге айтпады” деді.
Округтің балаларды қорғау қызметі таратқан есепте Дентонның немере ағасы, жедел жәрдем дәрігері доктор Тери Миллер офицерлерден көмек сұраған. Ол Каррилло балаларды өлтіруі мүмкін деп алаңдаған. Бірақ оның бұл ойына полиция немқұрайды қараған.
32 жастағы Каррилло 2021 жылдың 10 сәуірінде оның 6 айлық қызы Сьерра, 3 жасар қызы Джоанна және 2 жасар ұлы Терриді өлтіруге қатысты айыпталды. Тергеу барысында оның ақыл-есінде ауыту бар екені анықталды. Ол балаларыын суға тұншқтырып өлтірген. Тек кіші қызына пышақ қолданған.
Судьяның шешімі "бейтарап" болды, яғни Дентонның адвокаттары өтінішті жаңа ақпаратпен қайта аша алады.