Bugin

Қытайда ел басқарған қазақ қызы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: archive_kz

Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш генерал-Майор Қадиша Мамырбекқызы. Ол туралы Bugin.kz Жәди Шәкенұлына сілтеме жасап хабарлайды.

Қадуан Мамырбекқызы (1897-1963) өз аты Қадиша. Тарбағатайдың толы ауданынан. Әкесі Мамырбек төре тұқымы. Қадуан Абақ керейдің жүнуаңы (мансап аты) Әлен Жеңісханұлының бәйбішесі. Төре ордасының ел басқару ісіне араласып отырған. 1934 жылы Әлен Шынжаң өлкелік өкіметтің төрағалығына тағайындалғанда оның басқа барлық жұмысын Қадуан тындырып отырған. Елді ғылымға, оқу-ағартуға бастай білген. Үлкен ұлы Дәлелхан Әленұлын Кеңес одағына оқуға жіберген. Ол 1944 жылы батыс бағыт (Мишуан, Санжы, Қытыби, Сауан т.б.) хал сұрау отрядының жетекшісі, 1945 жылы Шынжаң өлкелік сауда серіктестігінің жорасы және орынбасар бас жорасы, 1946 жылы Гоминдаңның Шынжаң өлкелік партия комитетінің атқарушы жорасы, 1947-1948 жылдары "Шың Сысай жағынан қастандыққа ұшыраушылардың мал-мүлкін адақтау комиссиясының жорасы, Дихуа (Үрімжі) аймағының бақылаушы уәлиі, қосымша амандық қорғау жетекшісі, Шынжаң өлкелік әйелдер қозғалысы комитетінің жетекшісі болған.

1949 жылдан кейін Қадуан Дихуаның (Үрімжі) уәлилігін жалғасты атқарған. 1951 жылы Шынжаң өлкелік өкіметтің ақылшылығына тағайындалған. 1963 жылы 20 қарашада 66 жасында Үрімжіде науқастан қайтыс болды. Қасымхан Ажыұлы (1843-1890) әкесі Ажы Гүң қайтыс болған соң, 1868 жылдан бастап 22 жыл ел билеген. Қасымхан қайтыс болған соң оның мұрагерлігін ұлы Жеңісхан (1863-1912) жалғаған. Ол 1890 жылдан 1912 жылға дейін ел билеген. Қажынәби Уәлиев (1904-1979) 1927 жылы ағасы Бұлан қайтыс болғанда оның орнына үкірдайлық мансапқа отырған. 1934 жылдан Сарсүмбе ауданының қазақ-қырғыз татар мәдениет қоғамының бастығы, 1948 жылдан "Шынжаң демократиялық одағының Алтай аймақтық ұйымдастыру комиссиясының төрағасы, 1940 жылдан Көктоғай ауданы әкімінің орынбасары, 1941 жылдан Сарсүмбе ауданы әкімінің орынбасары, 1945 жылдан Алтай уәли мекемесі үгіт бөлімінің бастығы 1946, 1948 жылдары екі мәрте Сарсүмбе ауданының әкімі, 1956 жылы Алтай аймағы уәлиінің орынбасары, 1958 жылдан ШҰАР халық үкіметінде ақылшы қызметтерін атқарады.

Жәди Шәкенұлы. 2007 жыл, қараша.

Осыған дейін, “Университет өртегені” үшін 35 жасында ату жазасына кесілген қазақ қызы туралы материал жазған едік. Қазақ қыздары тіпті Чехияда да басшылық қызметте болғанын хабарлаған едік.