Bugin

Елге оралған қандастардың бойында "қазақ геномы" бар-жоғын тексеруі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos

Алдағы уақытта Қазақстанға оралған қандастардың бойында "қазақ геномы" бар-жоғын тексеруі мүмкін. Егер қандас мәртебесіне үміткер болған азаматтардың өз ұлтын растайтын құжаттары болмаса қан құрамына байланысты тиісті сараптама жүргізетін болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ОКҚ брифингі барысында журналистер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ерсаевтан әкімдіктер жанынан құрылған комиссиялар қандастардың ұлтын қалай анықтайтынын сұрап көрді.

"Бұл комиссияға жұмыспен қамтуды үйлестіру, ішкі істер, білім беру, ішкі саясат басқармасы, ҰҚК өкілдері, ұлтты анықтау саласындағы сарапшылар кіреді. Комиссия жеке азаматтың өтінішін алқалы жиында қарайтын болады, мысалы, өзінің ұлтын растай алмайтын азаматқа қандас мәртебесін алуға рұқсат беруге бола ма, жоқ па, соны шешетін болады", дейді Ертаев.

Шенеунік комиссияның қандай функциялары болатыны, әңгімелесуді қалай жүргізу керектігі, "қандас" мәртебесіне үміткер азаматқа қандай сұрақтар қою керектігі анықталғанын айтты.

"Біз сондай-ақ геномдық сараптама жүргізуді қарастырдық. Егер комиссияда азаматқа қатысты күмән туындаса, біздің қағидаларымызбен ол адамды қазақ ұлтына қатысы бар-жоғы анықталатын сараптамаға жіберу көзделеді", дейді Ерсаев.