Bugin

Зілзалада биіктен секіріп кеткен әйелдің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматыда жер сілкінген кезде биіктен секірген әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Үшінші қабаттан секіріп кеткен 33 жастағы әйел жасалған отадан кейін жансақтау бөлімінде жатыр.

Қалған екеуінің халі орташа ауыр. Дәрігерлердің айтуы бойынша, оларға тағы күтім қажет.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні Алматыда магнитудасы 6.2 балдық жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісі бірнеше минуттарға созылып, қала жұрты дерлік сыртқа шыққан. Бейресми мәлімет бойынша, бұл құбылыс тағы да қайталануы мүмкін. Эпицентр Бішкек қаласында болған.