Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: КТК арнасы
Алакөл ауданында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алматы-Өскемен тасжолының 568 шақырымында болған. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E маркалы көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.