Bugin

Қазақстанда тағы бес дәріге тыйым салынды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Үкімет қаулысымен есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізбесіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынған есірткі заттары бөліміне пара-фторфентанил (пара-фторфентанил), брофин және метонитазин қосылды.

Фентанил - синтетикалық, күшті анальгетик. Ол көбінесе анестезиологияда, жедел жәрдем қызметінде және ауыр апатта қолданылады. Препарат адамның тәуелділік сезімін оятады.

Брофин халық арасында «күлгін героин» деген атпен белгілі. Бұл пиперидин негізіндегі опиоидты анальгетик. Қолдану кезінде ол да тәуелділік тудырады.

Метонитазен күшті синтетикалық опиоид.  Әрі героин мен фентанилге ұқсас әсер етеді.

Сондай-ақ бірнеше психотроптық заттарға тыйым салынды: 3-метоксифенциклидин және эвтилон.

Фенциклидин – көктамырішілік анестезияға арналған синтетикалық фармакологиялық препарат. Ол 1950 жылдан бері медициналық мақсатта қолданылған. Бірақ шамадан тыс уыттылыққа байланысты оны клиникалық тәжірибеде қолдану тоқтатылған. Көптеген елдерде ол есірткі заты синтетикалық галлюциноген ретінде қарастырылған.

Эутилон синтетикалық психостимулятор. Клоназолам, диклазепам және флубромазолам медициналық мақсатта қолданылатын және бақылаудағы психотроптық заттардың тізіміне енді. Сондай-ақ бақылаудағы прекурсорлар тізіміне (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өндіруде жиі қолданылатын химиялық және өсімдік заттары) 4-метилпропиофенон кіреді.

Қаулы 2024 жылдың 6 ақпанында күшіне енеді.