Bugin

“Көмек көрсетілмеген”: Майқайыңдағы апаттың сұмдығы ашылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Астана арнасы

Майқайыңдағы апаттан көз жұмған құтқарушының отбасына көмек көрсетілмеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап. 

Марқұм Олег Тышкевичтің қызы әкесінің қазасынан кейін оларға қажетті көмек толық өтелмегенін айтады.

Оның сөзінше, тек 2 млн. теңге берілген. Оның өзі "Майқайың-алтын" шахтасынан төленіпті. Ал жұмыс орнынан ешқандай қаражат түспеген. Ал бұған дейін облыс әкімі Асайын Байханов қаза тапқан екі құтқарушының отбасына 4,5 млн теңге төленгенін инстаграм парақшасында жазған болатын. 

"Бізге тегін психолог көмектеседі - деген. Ол да жоқ. Мен қазір ақылы түрде психологқа баруға мәжбүрмін. Оның қызмет құны 20 мың теңге тұрады. Мен қазір депрессияда жүрмін. Өйткені, осыдан 1 жарым жыл бұрын анамнан да айырылдым. Ешкім бізге көмектесіп жатқан жоқ. Қайғыдан қан жұтып аңырап қалдық. Әкем 27 жыл осы шахтада жұмыс істеді. Яғни, кәсіпорын басшылығының жауапсыздығынан қаза болды. Әкемді жерлеуге шамамен 1 млн. теңге кетті. Осының бәрін өз қалтамыздан төлеуге мәжбүрміз",-дейді марқұмның қызы Яна Осолодкова.