Bugin

Ер адам оқушы қызды көшеде сүйреп, зорламақшы болған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: kg-media-news

Оқушы қызды зорламақшы болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға Қырғызстанда болған. Ер адам көшеде кетіп бара жатқан қызды сүйреп, талдардың арасына апарып, зорламақшы болған.

Оқушы қыз таңғы уақытта мектепке бара жатқан. Ал ер адам айналада адамдардың аздығын пайдаланбақшы болған. Қыз ер адамнан қашып құтылған.

Күдікті қолға түсті. Ол 42 жастағы тұрғын екен.