Bugin

“Жүкті әйелдер де бар”: Жаңадан келген мектеп басшысы мұғалімдерді жұмысқа жеккен (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видео скрині

Жаңадан келген мектеп басшысына мұғалімдер наразы, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Майлықожа атындағы №9  мектептің мұғалімдері мен оқушылары мектепті әктеп, үшінші және екінші қабаттың терезелерін жуып жатыр. 

Мұғалімдердің айтуынша, жақында келген директор мәжбүрлі түрде жұмысқа жегіп жатқан көрінеді. 

"Қаңтардың үші. Сенбі күні директор барлығымызды шақыртып, мектепті әрлетіп жатыр. Жүкті әйелдер де бар. Мұғалімдер өз қаражатына сатып алды бәрін",- дейді видеодағы келіншек.