Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фотл: pexels.com
Қазгидромет 4 ақпанда Қазақстанда дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысын тұман басады. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Атырау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырауда жел 15-18 м/с күшейеді.
Түнде басым бөлігінде, күндіз Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғады.