Bugin

Атырауда көшеде жүрген қасқыр тұрғындарды қорқытты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан кадр

Түз тағысын жол бойынан көрген Дамбы ауылының тұрғындары оны видеоға түсіріп алған,  деп хабарлайды  Bugin.kz порталы AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлер полицияға хабар берген. Олардың айтуынша, жыртқыш аң қарсы шабуыл жасамаған. Жергілікті аңшылар оны соңынан аңдып, ақыры атып алғаны белгілі болды. 

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Мереке Шалқаров мұны қасқырлардың ұйығу уақытымен байланыстырады. 

"Қазір Каспий теңізінің жағасында түз тағылары көбейіп тұр. Олар қаулап өскен қамысқа тығылады. Бұл жер батпақ болғандықтан, техника бара алмайды. Жағдайды бақылау мүмкін емес. Сондықтан тұрғындар абай болғаны жөн. Сондай-ақ, биыл 2 мың қасқыр атуға аңшыларға рұқсат берілген" ,дейді ол.

Айта кетейік, қасқырдан қауіп төнген жағдайда 28-02-51 телефон нөміріне хабарласу керек.

Видеоны толық осы сілтеме арқылы көріңіз.