Bugin

Енді қыздар қайтыс болған сарбаздарға тұрмысқа шыға алады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Сергей Киселев

Ресейлік әйелдерге Украинадағы соғыста қаза тапқан еркектерге тұрмысқа шығуға рұқсат етілді. Бұл туралы заң жобасын депутаттар Мемлекеттік Думаға енгізді,- деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

"Егер еркек пен әйел кемінде үш жыл бірге тұрса немесе кемінде бір жыл бірге тұрса, балалы болып, ортақ шаруашылық жүргізсе, неке қатынастарының фактісін сот анықтауы мүмкін", - делінген құжатта.

Авторлардың пікірінше, сот "ерлі-зайыптылық қатынастар" фактісін тану туралы шешім қабылдаған кезде олардың ара қатынасының  басталу уақытын анықтауы керек. Сонда сот шешімі некенің ресми құрылымына тең болады. Кейінірек неке туралы мәліметтер Азаматтық хал актілерінің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

Сонымен қатар, Украинадағы соғыста қаза тапқан ер адамдармен бейресми түрде тұратын әйелдер мұрагерлік құқығын және барлық уәде етілген төлемдерді "өлгеннен кейін некеге тұрумен" алады.