Bugin

Шымкентте жоғалып кеткен қыздардың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Photographer.ru

Шымкенттегі №3 балалар үйінің екі тәрбиеленушісі қашып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оқиға 5 ақпанда болған. Сағат 19:20 шамасында екі жасөспірім мекемеден шығып кетіп, жоғалып кеткен.

Кейбір деректер бойынша, 2007 жылғы қыздар екі жігітпен бірге көлікке отырып, кетіп қалған.

Полицейлер балалар үйінің қашып кеткен тәрбиеленушілерін бірнеше сағат бойы іздеген. Қазіргі уақытта жасөспірімдер Шымкенттегі бейімдеу орталығына жеткізілді.