Bugin

"Туған балаларын өлтірген": Қызылордалық келіншек ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан қаласында қызылордалық келіншек пәтер жалдап, өзінің туған екі баласын өлтірген, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Кеше ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева:

"Екі бала анасының қолынан қаза тапты. Мән-жай анықталып жатыр. Істі тергеумен Түркістан облысының Полиция департаменті айналысып жатыр",-деп хабарлаған.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов:

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деп хабарлады.