Bugin

"Біреуі өлі": Түркістан облысында жоғалғандар туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Pixabay

Түркістан облысында жоғалған екі азамат табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Төтенше жағдай министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 ақпанда 1975 және 1989 жылдары туған екі адам жоғалып кеткен. Олар Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен.

"Іздестіру-құтқару жұмыстарына 48 адам, 4 техника, 2 дроннан құралған Түркістан облысы ТЖД, ЖАО күштері мен құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шинбұлақ ауылынан тапты. 1975 жылы туған азаматтың денесі табылды",-делінген хабарламада.

Ауа райының нашарлауынан іздеу жұмыстары да қиындаған.

ТЖД тұрғындарға қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін ескертеді. Дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болу керегін айтады.