Bugin

Қараусыз қалған үйден адам мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: dzen.ru

Павлодарда баспана өртеніп, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Үй бірнеше жыл бойы иесіз қаңырап қалған.

"15 ақпан күні сағат 12.48-де Павлодар қаласында 2-өткел мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Үй иесіз тұрған. Өрт сөндірушілер жедел жетіп, бірден жалынды ауыздықтауға кірісті. Өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Оқиға орнынан 1985 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды", – делінген ТЖД хабарламасында.

Қазір қараусыз қалған үй ішінен табылған ер адамның кім екені анықталуда.