Bugin

ТЖМ: Алапат өрттен 413 адам қайтыс болған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Елімізде алапат өрттен бір жылда 413 адам көз жұмған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше 2021 жылы республикада 12 256 өрт оқиғасы тіркелген. Қызыл жалыннан 413 адам қаза тауып, тағы 429 адам жарақат алыпты.

Өрттен кейінгі материалдық шығын 9 млрд 336 млн 665 мың теңгені құраған.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Абай облысында орман өрті орын алған.
Өңірдегі апат кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері қайтыс болған еді. Өртті сөндіруге 1500 адам жұмылып, бірнеше тікұшақ жіберілген еді.