Bugin

"Наурыз – қыстың жалғасы": синоптиктер көктемге ауа райы болжамын жариялады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фоток: Bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстан аумағында наурыз-мамыр айларына арналған көктемгі маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Наурыз – көктемнің алғашқы айы. Дегенмен, Қазақстанның солтүстік облыстарында наурыз айы  қыстың жалғасы болмақ. Айдың кейбір күндерінде қар жиі жауып, бұрқасын, көктайғақ пен тұман, салқын ауа райы болады.  Бұл күндері ауа температурасы төмендеп, түнде 15-25 градусқа дейін салқын болады деп болжады.

Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында наурыз айының алғашқы он күнінде күндізгі ауа температурасы +2+7°С дейін көтеріледі. Ал көктемдегідей жылы ауа райы айдың үшінші онкүндігінде сезіледі. Күндіз термометр бағаналары +5+15°С-қа дейін жетуі мүмкін.

Ал Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтары үшін наурыз айы әдеттегі көктем айы болмақ. Бірақ жиі жауын-шашын жауады. Ауа температурасы түнде 0,-10°C-тан +3+8°C-қа дейін, күндіз 0,+10°C-тан +10+18°C-қа дейін ауытқиды делінген.