Bugin

“Ашушаң, ызақор, кекшіл бала болдым”: шетелдіктер асырап алған қазақ баласы жанайқайын жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видео скрині

Журналист Жанар Байсеміздің "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасында Руслан есімді қазақ баласы жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Русланды АҚШ-та шетел азаматтары асырап алған. Ол жас кезде мінезінің қандай болғанын айтты. 
 

"Ашушаң, ызақор, кекшіл бала болдым. Туған кезде ата-анамен қарым-қатынас болмағандықтан туындайтын психикалық ауытқу деп ойлаймын. Бұндай жан кеселі асырап алынған балаларда көп кездеседі. Ашуымды тежей алмайтынмын. Бірақ уақыт өте келе бәрі түзелді. Өзгердім. Өзімді басқара алатындай болдым. Өз иелігімнен бөлек заттарға мән бермейтін болдым",- дейді Руслан.