Bugin

Ер адам көршісінің екі қолын кесіп, жауыздықпен өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Өзбекстанда ер адам көршісінің ішіне пышақ сұғып, кейін екі қолын кесіп тастаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы uznews.uz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстанның 31 жастағы тұрғыны мен оның 48 жастағы көршісі жанжалдасып қалған. Алғашында ер адам әйелді темірмен ұрмақшы болған. Бірақ оны тұрғындар тоқтатқан.

Шабуылдан кейін әйел полицияға хабарласқан. Тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Арада бірнеше күн өткен соң ер адам егіз інісімен бірге ашуын басып, көршісінің үйіне келеді. Ер адамдар өздерімен бірге пышақ пен кескіш ала барған.

Ер адам әйелге шабуыл жасап, асқазанынан бірнеше рет ұрып, содан кейін екі қолын кескішпен кесіп тастаған. Кісі өлтіру 48 жастағы өзбек әйелінің кәмелетке толмаған қызының қатысуымен болған. Әйел алған жарақаттарынан көз жұмды.