Bugin

"Қатігез": енді жануарды терісі үшін союға тыйым салынады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Жануарларды қорғау қайырымдылық ұйымдары есек терісінің саудасына тыйым салуды құптады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Енді 55 елде есектерді терісі үшін союды заңсыз болады. Жануардың терісіне сұраныс Эцзяо деп аталатын ежелгі қытайлық медицинаның танымалдылығына байланысты артқан.

Африка көшбасшылары жексенбі күні Эфиопияда өткен Африка Одағы саммитінің соңында тыйымды мақұлдады.

"Есек қорығы" қайырымдылық ұйымы сауданы "қатыгез және тұрақсыз" деп атады және бұл бүкіл әлемде, әсіресе Африка мен Оңтүстік Америкада есектердің  азаюына әкелді деп мәлімдеді.