Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: freepik.com
19 ақпанда Атырау облысы Мақат кентінің тұрғындары 4 адам, оның ішінде 1 бала мал іздеуге қыстауға қарай жеңіл автокөлікпен шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ТЖМ мәліметінше, оларды іздеу жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, полиция, жоғалған адамдардың туыстары жаяу және автокөлікпен іздестірген. Іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы да тартылды.
ТЖД күшімен жоғалған адамдар елді мекеннен 80 км қашықтықта табылды. Жоғалған тұрғындардың көлігі батпақты жерлерде тұрып қалған. Зардап шеккендер жоқ.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61