ТӘРБИЕ

"Зорлаған, сатқан, ұрған": құлдықта болған адамдардың жан сыры

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 20 ақпанда Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні тойланады. Теңдік, еркіндік, бостандық – адамзаттың ең басты құндылығы. Алайда еркінен тыс тағдырын біреу басқарып, құлдыққа түсіп қалатын адамдар да баршылық. Bugin.kz тілшісі әлем үшін жоғалғандар тізіміне енген, қылмыскерлер үшін құлға айналған адамдардың тағдыры туралы сыр шертеді.

9 жасар бала 10 жыл зорланған

"Вести" бағдарламасының репортажынан скриншот

"Вести" бағдарламасының репортажынан скриншот

Полиция қызметкерлері тоғыз жасар баланы 10 жыл бойы сексуалдық құлдықта ұстаған Мәскеу тұрғыны Эдуард Никитинді құрықтаған кезде үлкен жанжал шықты. Никитин бұған дейін "14 жасқа толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша сотталған.

Ер адам бір жарым жыл түрмеде отырады. Бостандыққа шыққан соң, анасының зейнетақысымен өмір сүреді. Никитин анасы және өгей әкесімен бірге тұратын 9 жасар Андрей есімді көрші баламен танысады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, баланың отбасысы дұрыс жұмыс істемеген. Анасы араққа салынып, баласын ұрып-соғып, қорлап ұстаған.

Ойында ештеңе жоқ Андрей ер адамға қонаққа барады. Никитин оған ақша беріп, кейін баланы қақпанға түсіреді.

Ең таңғаларлығы, Никитин коммуналдық пәтерде тұрған, ал көршілері оның тұтқынын ешқашан көрмедік деп мәлімдеді. Никитиннің анасы көрші бөлмеде тұрған. Бірақ әйел Андрейдің өзімен бір пәтерде жыныстық құлдықта тұратынын мүлде білмеген. Никитин тоңазытқыштың артына баланы жасырған. Андрейге барлығы ұйықтап жатқанда ғана бөлмеден шығуға рұқсат берген.

Балаға іздеу жарияланады, бірақ ата-анасы көшіп кетеді. Андрей өзін ұрлап кеткен адаммен бірге өмір сүре береді.

Андрей мен Эдуард Никитин кейде серуендеуге шыққан. Бірақ Андрей ешқашан ата-анасымен байланысуға немесе қашуға әрекет жасамаған. Осылайша он жыл уақыт өткен. Бір күні олар серуендеп жүргенде, полицейлердің назарына ілігеді. Патруль қызметкерлері олардан құжаттарын көрсетуді сұрайды. Андрейдің жанында төлқұжаты болмағандықтан, ол жай ғана фамилиясын айтады. Оны базадан өткізген тәртіп сақшылары 19 жастағы жасөспірімнің он жылдан бері іздеуде жүргенін анықтайды.

Эдуард Никитин қамауға алынса да, өз кінәсін мойындамайды. Ал Андрей ата-анасының түрін де, есімдерін де есіне түсіре алмайды. Оқуды да, жазуды да білмейді.  Мектепке де бармаған. Ол тіпті құлдықтан босаса да, өзінің өмір салтын қалыпты деп санайды.

Ит торында 40 күн қамауда болған қыз

Фото: depositphotos.com

Фото: depositphotos.com

Дебби (аты өзгертілді) 2006 жылы зорлаушылардың қолына түскенде небәрі 15 жаста еді. Ол қатардағы құрбандар секілді емес еді. Жақсы отбасында бойжетеді, көршілерінің де оғаш қылығы болмаған. Ол мектепте үздік оқып, мұғалімдерімен де жақсы қарым-қатынаста болған. Бір күні кешке "досы" Бианка Деббидің үйінің жанында жүріп, оны екі ер адаммен серуендеуге шақырады. Бірақ Дебби Бианкаға жақындағанда, құрбысы оны құшақтап алған кейіп танытып, көлікке итеріп жібереді.

Деббиге қару тақап ұстайды. Қол-аяғын байлап, аузын және көзін жауып қояды. Олар қызды жаңылыстыру үшін бірнеше сағат бойы жүреді. Деббиді көрші үйге әкеліп, есірткі қолданып, топтасып зорлайды.

Деббиді 40 күн бойы ит торында ұстап, үйге келген басқа адамдарға сатады. Дегенмен полиция ұрланған қызды табады. Дебби және оның отбасысы қаладан кетуге шешім қабылдайды.

Ақшақар және оның "қожасы"

Фото: depositphotos.com

Фото: depositphotos.com

Бұл оқиға АҚШ-та болған. Әйел мен азаматтық некедегі жары интернет арқылы клиент тауып, балаларын сексуалдық құлдыққа сатқан. Олар қыздарының бірін бес жасында еркектерге бере бастайды. Анасы клиентпен сөйлескенде, қызды Ақшақар деп атайды. Ақшақар мұғаліміне үйінде не болып жатқанын айтып береді. Бірақ мұғалімдер бірден полицияға бармай, әрқашан алдымен баланың ата-анасымен сөйлесетін. Осы айтқаны үшін Ақшақарды соққыға жығатын.

Ата-анасы қызды басыбайлы сатпақ болады. Клиент те табыла кетеді. Анасы мен өгей әкесі қызды зат секілді сатып жібереді.

Ер адам қызға мәңгілік иелік ету үшін 5000 АҚШ долларын төлейді. Сатып алушы қызды 3 жыл бойы зат секілді қолданады. Бойжеткен өзге адамға ғашық болған сәтте оны сатып алған адам үйінен қуып шығады.

P.S. Қазірде құқық қорғаушылар, әсіресе, қыз балаларға массаж жасау, модельдік жұмыс деген секілді жарнамаларға алданбауды ескертеді. Себебі осы әдіс арқылы көптеген “құл иеленуші” қыздарды жыныстық саудаға салады. Қорқытып ұстайды. Ал ер адамдарға мал асырайтын шаруа қожалықтарына жұмысқа тұрарда абай болу керегін ескертеді. Тең қоғамда бар құқығы қорғалған адам болу – бақыт. Бақытыңызды қызғыштай қорғай біліңіз!

Дереккөз: dzen.ru