Bugin

Түркістан облысында мұғалім оқушыларды ұрып-соққан

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Бейнеден скриншот

Түркістанда мұғалім балаларға қол көтерді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Press.kz-ке сілтеп.

Сарыағаш қаласындағы дінтану сабағына мұғалімінің үстінен арыз келіп түскен.

Сарыағаш қаласының тұрғыны өз пәтерінде жеке сабақтар өткізіп келген. Діни сипатта білім берген ер адам ҚМДБ мен білім басқармасынан ешқандай рұқсат алмаған.

Ер адамның меншігінде 19 бала тәрбиеленген. Алайда "діни" ұстаз балаларға қол көтеріп, білім берген көрінеді.

39 жастағы ер адам жұмысы үшін айына 20 мың теңгеден алған. Ал 19 бала антисанитарлық жағдайда өмір сүрген.

Зардап шеккен балалардың бірі меңгермеген тақырыбы үшін бірнеше апта бойы үздіксіз соққыға жығылғанын айтып шағымданған. Баланың денесінде қатты соққының белгілері байқалған.

Қазір сараптама тағайындалды.