Bugin

Оралда 8-қабатқа жаяу шыққан кейуана қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos

Оралда 70 жастағы кейуана 8-қабатқа жаяу шығып, қайтыс болды деп хабарлайды Bugin.kz порталы Уральская неделя-ға сілтеме жасап.

Бейресми деректер бойынша, лифт бір бұзылып, тоқтап қалған соң мүлде жөнделмеген. Оны ешкім қолданысқа бермеген.

Оралдағы Сырым Датов көшесінде тоғыз қабатты жатақханада тұратын Мәншүк Құдабаева лифті істемеген соң сегізінші қабатқа көтерілуге ​​мәжбүр болған. Жетпіс жастағы кейуана немересін күнде балабақшаға апарып, сегізінші қабаттан көтеріліп-төмен түсіп жүрген.

Оның көршісі Серік Қодаров басылым журналистеріне қарт әйел туралы айтты.

"Мәншүк енді арамызда жоқ, қайтыс болды. Ол әдеттегідей сегізінші қабатқа жаяу көтерілді. Пәтерге кіріп үлшермей, есінен танып құлап қалды. Артынша комаға түсті. Жедел жәрдем келді, бірақ ешкім көмектесіп үлгермеді.  Сегізінші қабатқа көтерілгеннен кейін қан қысымы күрт көтеріліп кеткен", - деді Серік Қодаров.