Bugin

“Қайырымдылықтың ақысына қыз сұраған”: балалар үйінің былығы ашылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com 

Балалар үйінің қызметкерлері өз шаруаларын шешіп берген шенеуніктерге қыз ұсынып келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға Өзбекстанда болған. Аудандық ТЖ басқармасы бөлімінің бастығы қайырымдылық көмек көрсеткені үшін және меңгерушінің жеке мәселелерін шешуге көмектескені үшін қыз беруін өтінген. Кәмелетке толмаған қыздармен жыныстық қатынаста болған. 

Шенеунік өзіне жіберген қызға ақы ретінде балалар үйін азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Меңгерушінің өзіне ақшалай сыйақы берген. 

Сот шешімімен балалар үйінің меңгерушісі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Кәмелетке толмағандармен жыныстық қарым-қатынаста болған шенеуніктер "он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу" және "материалдық құндылықтар не мүліктік пайда беру жолымен он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адаммен жыныстық қатынасқа түсу" баптары бойынша 1,5 жылға бас бостандығынан шектектелді.

Басқа да маңызды ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз.