Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек
Қазгидромет синопиктері еліміз бойынша 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады", - делінген хабарламада.
Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді. Қазақстан бойынша тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 42 градус, Абай облысының шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61