ТӘРБИЕ

Қазақ ер балаға қалай тыйым салған?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: bugin.kz / Айгерім Әділханова

Қазақ қызын қырық үйден тыйса, ер баланы да солай қатаң ұстаған. "Қызыңды бөтен үйге қондырма, ұлыңды бөтен үйден тойдырма" деп, баланы жынысына қарамай тәрбиелеген. Bugin.kz порталы филология ғылымының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбек жазып кеткен қазақтың тыйымдарынан ер балаға қатыстысын оқырман назарына ұсынады.

1. Атқа теріс отырма.

2. Ер-тоқымды аударып қойма.

3. Ер-тоқымды теріс салма.

4. Жайдақ атқа мінбе,

    Жайдақ ерге мінбе.

5. Мойынға белбеу салма.

6. Беті-қолыңды жумай тұрып малды өріске шығарма.

7. Бір қолыңмен су құйма.

8. Мүрдеге топырақ салғанда күректі екінші адамға қолмен берме.

9. Мүрдеге топырақ салғанда күректі табаныңмен баспа.

10. Аңды ысқырмай атпа.

11. Аңға алғаш шыққандағы олжаңды ешкімге сыйлама.

12. Қара жерде қазық қалдырма.

13. Қара жерді қазулы қалпында қалдырма.

14. Айыр, күрек, сыпырғыш, шот, кетпен, сияқты мүліктің басын жоғары қаратып қойма.

                                                  Материал авторы: Бану Әбдіғалиева