Bugin
Фото: depositphotos.com
Бүгін 16 сағат 33 минут 06 секундта Алматы қаласында 2 балдық жер сілкінісі байқалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" мамандары:
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,9. Магнитудасы MPV 5,4", - деп хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда таң ертең де жер сілкінген еді.