Bugin

“Анасын іздеп жатыр”: Қарағандыда әйел жаңа туған сәбиін көшеге тастаған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ҚР ІІМ

Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.

"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді",- делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Маңызды ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз.