Bugin

"Қиналып отырмын": Жүрсін Ерман тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан скриншот

Жүрсін Ерман "Айтыс STRICE” бағдарламасына сұхбат берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Zhandarbek Bulgakov арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айтыстың абызы ендігі айтыс кім тізгіндейтіні туралы:

“Осы ертең 12 наурызда айтыс өткізейін деп жатырмын ғой. Соған жүргізуші таппай, қиналып отырмын. Бәрінің кежегесі кейін тартып қалады. Көздеген 2-3 ақынымыз. Басқасының  ондай құдіреті де, қабілеті де жоқ. Енді бір аса үлкен қиын да шаруа емес. Басы артық сөйлемей, қажет сөзді ғана айтып, ақындарды шығарып отыру ғой негізі.

Іріктеу, жұптау кезеңдерін бастан өткеру, соған дайын болуы керек. Мен өлгеннен кейін де айтыс жүре береді ғой. Бірақ тура алып кетейін деп тұрған бала жоқ. Студенттердің айтысын Шұғайып Сезімханға беріп қойдық. Сондай бір 2-3 жігіт шықса... Наурыз айтысты 40-тан асып кеткен Төлеген Жамановқа жүктеп отырмыз. Тілге шебер, байыпты, сабырлы адам. Нақты бір осы адам деп жүктеген адамым жоқ”,-деді