Bugin

Еліміздің бірнеше өңірінде боран болады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: MarianVejcik

Еліміздің бірнеше өңірінде боранды жел соғады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, 9 өңірінде боран әлі басылмаған.

Алматы, Шымкент, Ақмола облысы және Батыс Қазақстанда тұман күтіледі.

Қызылорда облысында екпіні – 15-20 м/с құрайтын аязды жел соғады.

Солтүстікте жауын-шашын мен қар аралас жауып, көктайғақ күтілуде.

Түркістанда тұман түсіп, таулы аймақта боран соғады.

Ал Абай ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 ауысым оқушылары үшін сабақ қашықтан оқу форматына ауысты.

Ақсуат ауданындағы 8 мектептің 1-4 сыныптары да қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.

Көкпекті ауданындағы 16 мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ сағат 10.00-ге ауыстырылды.