Bugin

Танымал өнер адамы қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

"Жұлдызды жол: Дискавери" және "Капитан Марвел" фильмдерінде басты рөлді сомдаған америкалық актер Кеннет Митчелл 49 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі NBC NEWS сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам бұған дейін бес жарым жыл бойы ми мен жұлынның жүйке жасушаларына әсер ететін нейродегенеративті бұлшықет ауруы, ALS (амиотрофиялық бүйірлік склероз) деп аталатын Лу Гериг ауруымен күрескен. 

Оның отбасы мүшесі мәлімдемесінде:

"Сүйікті әке, жар, аға, іні, перзент және қымбатты досы Кеннет Александр Митчеллдің қайтыс болғанын хабарлаймыз", - деген.

Актер 1974 жылы 24 қарашада Торонтода дүниеге келген. Ол үш клингон және "Жұлдызды жолдағы" Ауреллио кейіпкері, сондай-ақ "Капитан Марвел" фильміндегі Джозеф Дэнверс рөлі арқылы танымал болды. Ол сондай-ақ "Керемет хоккей" драмасында ойнады. "Грейдің анатомиясы" және "Қылмыстық ақыл-ой" телехикаяларына түсті.

Митчеллдің артында әйелі Сюзан және балалары Лайла мен Каллум қалды.