Bugin

Бірыңғай уақыт белдеуі: Намаз уақыты қалай өзгереді? (КЕСТЕ)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos

Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты намаз кестесінде өзгерістер болады. Мұсылмандар діни басқармасының ресми сайтындағы намаз уақыты 1 наурыздан бастап өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

"29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады", – делінген діни басқарманың хабарламасында.

ҚМДБ жұма намазының өзгерген кестесін жариялады.

Кесте

Кесте

Еске сала кетейік,  2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осыған орай, Қазақстанның барлық аймағы бірыңғай 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.