Bugin

Қандай қан тобындағы аналар данышпан баланы дүниеге әкелетіні анықталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos

Ғалымдар қандай қан тобына ие әйелдер данышпан баланы дүниеге әкелетінін анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Стэнфорд университеті генетиктерінің зерттеуінше, бірінші қан тобына ие әйелдердің вундеркинд баланы дүниеге әкелу көрсеткіші жоғары екен.

Ғалымдар бірінші қан тобына жататын ана мен зияткерлігі жоғары балалар арасында байланыс жиірек болғанын анықтаған.

"Дегенмен, мамандар мұны бірінші топқа жататын әйелдер арасында бала туу көрсеткіші аса жоғары еместігімен түсіндірді. Сонымен қатар генетик мамандар мұндай аналардан туған балалардың иммунитеті әлсіз келетінін алға тартады", - делінген Thuvienpc басылымында жарияланған мақалада.

Сондай-ақ, төртінші топқа жататын аналардың балалары спортқа бейім келсе, екінші топтағылар сыни тұрғыда ойлау қабілетіне ие. Ал үшінші топтағы анадан туған бала шығармашылыққа жақын әрі сезімтал келеді.