Bugin

"Ұлымның соңғы сөзі": 5 жасар бала тіс дәрігеріне қаралған соң көз жұмған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Елена Сонмез жеке архивінен

5 жасар бала тіс дәрігерінің қызметіне жүгінгеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz  порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Денис есімді балақай анасымен бірге Түркиядағы жеке стоматологиялық клиникаға барған.

Кішкентай орыс және түрік тілдерін меңгерген балақайдың дені сау болған. Тіпті мінезі ашық, жайдарлы бала болған көрінеді.

Алайда Денистің тісі ауырған соң ата-анасы оны дәрігерге көрсеткен.

"Медбике екеуміз Денистің оянуын күттік. Процесс бір сағатқа созылды. Ұлым есінен танып қалды. Мен медбикеге: "дәрігерге қоңырау шалыңыз"дедім. Бірақ дәрігер баланың жағдайы тым нашарлап жатқанын айтты. Сосын ұлым анасына "мен өліп жатырмын, киімімді шешіңіз" деді. Ұлымның соңғы сөзі жүрекке өте ауыр тиді.

Ата-ана стоматологиялық клиниканың дәрігерлері өз ісіне немқұрайлылық танытқанын ескертіп, құзырлы органға арызданған.