Bugin

Тазалықшыны қуып жүріп ұрған ер адамның ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан скриншот

Желіде ер адамның жұмысшыға шабуыл жасаған видеосы тарады. Оқиға Астанадағы Кенен Әзірбаев көшесінде болған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі zhaloby.astana парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаға қатысты Астана полициясы түсініктеме берді. Астана қаласының полиция департаменті:

“Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында жүргізуші мен жұмысшы арасында жанжал болғанын көрдік. Полиция қызметкерлері олардың кім екенін анықтады. Жұмысшы ешқандай шара қолданбауды өтінді. Олармен сөйлесіп, түсіндіру жұмысы жүргізілді”, - деп хабарлады. 

Оқиғаны мына сілтемеден көре аласыздар.