БІЛІМ

“Ресейдің жеңіске жетуіне жол бермейміз”: Еуропа елдері Ресеймен соғыса ма?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Батыс елдерінің басшылары Франция президенті Эммануэль Макронның сенсациялық сөздерін жоққа шығаруға асықты. Бірақ Батыс Ресеймен қарым-қатынаста келесі “қызыл сызыққа” жақын қалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Макрон еуропалық көшбасшылардың Париждегі кездесуінен кейін Украинаны қолдаудың жаңа қадамдарын айтты. Ресейге қарсы соғыста жеңіске жету үшін бұл елге батыстың құрлық әскерлерін жіберу мүмкіндігін жоққа шығармады.

France-Presse агенттігінің материалында:

 “Біз Ресейдің бұл соғыста жеңіске жетуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ресейдің жеңілуі Еуропадағы қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін қажет екеніне сенімдіміз”, - дейді Макрон" делінген.

Сондай-ақ Макрон Украинаны алыс қашықтыққа ұшатын зымырандармен қамтамасыз ететін жаңа коалицияның құрылғанын хабарлады. Алайда қандай құрылым болатыны айтылмаған.

Оның айтуынша, Ресей Украинадағы ұрыс алаңында ғана емес, жалпы алғанда да агрессивті болып барады.

Конференция Елисей сарайында өттті. Алғашқы сөзді Макрон сөйледі. Ол Еуропа елдерінің өкілдеріне үшінші жыл соғысып жатқан Украинаға қолдауды күшейту керегін айтты.

"Ресей әрекетінің, әсіресе, соңғы айларда шиеленіскенін көріп отырмыз",-деген еді Макрон. Ол Батыс елдері қауіптің әскери және стратегиялық тұрғыдан өзгеруін ескере отырып, соғысқа көзқарасын өзгертуі керегін айтты.

Елисей сарайында өткен конференцияға Германия канцлері Олаф Шольц, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон, Испания Премьер-министрі Педро Санчес, Голландия Премьер-министрі Марк Рютте, сондай-ақ Скандинавия және Балтық жағалауы елдерінің басшылары келді.

АҚШ атынан АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия бойынша өкілі Джим О'Брайен және Канаданың Қорғаныс министрі Билл Блэр қатысты.

Украина президенті Владимир Зеленский кездесуге қатысушыларға дайындаған қысқаша бейнеүндеуінде:

“Путин біздің жетістіктерімізді жоймай, агрессиясын басқа елдерге бермеуі үшін біз бірге әрекет етуіміз керек”, - деді.

Жексенбі күні журналистер алдында сөйлеген сөзінде Зеленский еуропалық көшбасшылар соғыстың бүкіл континент үшін қаншалықты қауіпті екенін түсінгенін айтты.

Ол сондай-ақ БАҚ-та Украинаға француздық “Мираж” жойғыш ұшақтары жеткізілгені туралы ақпаратқа реакция білдіріп, сонымен бірге Париждің бұл мәселе бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Германия канцлері Олаф Шольц дүйсенбі күні Украинаға “Таурус” қанатты зымырандарының жеткізілуіне тағы да қарсылығын білдірді.

Неміс көшбасшысының айтуынша, егер Киевке дәлдігі жоғары қару-жарақ жеткізілсе, бұл зымырандардың Ресей аумағына жете алатынын ескерсек, шиеленіс тудыруы мүмкін.

Макронның сөздеріне қандай реакция болды?

Германия канцлері Олаф Шольц

Германия канцлері Олаф Шольц Еуропа елдері мен НАТО Альянсына мүше елдер Украинаға құрлық әскерін жіберуді жоспарламайтынын айтты. Ол Парижде Украинаға көмек көрсету жөніндегі конференцияда бұл елге құрлық әскерлерін жіберу мәселесі талқыланғанын растады. Оның айтуынша, кездесуге қатысушылар “Украина жерінде еуропалық құрлық күштері мен НАТО сарбаздары болмайды” деген келісімге келген.

Германия Федеративтік Республикасы ұрыс даласына әскер жібермейді.

“Біз бұл туралы тағы да өте жақсы пікірталас өткіздік. Әу бастан қол жеткізілген келісімдердің болашаққа да қатысы барын атап өттік. Нақты айтқанда, әскер жіберілмейді. Еуропа елдерінің немесе НАТО-ға мүше елдердің әскери қызметкерлері Украина аумағында болмайды”, - деді ол.

Германия Қорғаныс министрі Борис Писториус сейсенбі күні австриялық әріптесі Клаудия Таннермен бірлескен баспасөз мәслихатында Украинаға ешқандай неміс әскері жіберілмейтінін айтты. Ол Украина жеріндегі неміс солдатының етігі ГФР үкіметі үшін таңдау емес екенін атап өтті.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг:

“НАТО мүшелері Украинаға бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіп жатыр. Біз мұны 2014 жылдан бері жасап келеміз және ауқымды рейдтен кейін күш-жігерімізді арттырдық. Бірақ Украина территориясына НАТО-ның жауынгерлік әскерін жіберу жоспары жоқ”,-деді.

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак:

“Ұлыбритания Украина қарулы күштерін қолдауы үшін, соның ішінде, медициналық дайындықпен қамтамасыз ету үшін өзінің әскери қызметкерлерінің шағын тобын жіберді. Біз әскерлерді кең көлемде орналастыруды жоспарлап отырған жоқпыз. Ұлыбритания да өз аумағында көптеген украиндық жауынгер дайындады. Біз, сондай-ақ, украин әскерлеріне қару жіберу арқылы қолдау көрсетеміз",-деп мәлімдеді.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров:

“Менің ойымша, мұндай ойды айтатындар ғана емес, оны басына салғандар да бұл басты Еуропа үшін қауіпсіз, ұтымды ой үшін пайдалануы керек”,-деді (Бұл сөзді ресейлік ақпарат құралы "ТАСС" агенттігі келтірген).

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльдің Эммануэль Макронның мәлімдемесіне назар аударғанын айтты. Оның айтуынша, Украинаға батыстың құрлық әскерін жіберу Ресей мен НАТО арасындағы тікелей қақтығысты білдіреді.

“Бұл жерде болуы мүмкін деп емес, нақты болатыны туралы дерек керек. Біз тек нақты істі бағалаймыз. Осы елдер де өздерін бағалап, есеп берулері керек. Бұл олардың мүдделеріне, ең бастысы, осы ел азаматтарының мүдделеріне қаншалықты сәйкес келеді деген сұрақ қойылуы керек", - деп жазады оның сөзін "РИА Новости" сайты.

Песков Еуропада өз әскерін Украинаға жіберу туралы консенсус жоқ екенін атап өтті.

“Біз бұл мәселе бойынша пікірлердің әртүрлі екенін де атап өттік. Шын мәнінде, консенсус жоқ. Парижде өткен бұл шараға қатысқан бірқатар ел мұндай әрекеттің болуы мүмкін қаупін, қызу қақтығысқа тікелей араласу қаупін және ұрыс даласына тартылу қаупін мұқият бағалап  жатыр. Әрине, бұл осы елдердің мүдделеріне сәйкес келмейді”, - деп келтіреді "РБК" Песковтың сөзін.

Михайло Подоляк, Украина Президенті кеңсесінің кеңесшісі:

“Макронның мәлімдемесі, ең алдымен, Еуропадағы адамдардың милитаристік, агрессивті Ресейдің Еуропаға төндіретін қауіпін толық түсінетінін көрсетеді”,-деп бағалады.

Марин Ле Пен, Францияның әсіре оңшыл Ұлттық бірлік (бұрынғы Ұлттық майдан) партиясының жетекшісі:

“Осындай нәрселердің маңызын біреу түсінеді ме, білмеймін. Эммануэль Макрон өзін әскери басшы етіп жатыр, бірақ ол біздің балаларымыздың өміріне бей-жай қарайды. Елімізде бейбітшілік бар ма, соғыс па деген сұрақ туады”,-деді.

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон:

“Украинадан мұндай өтініштер түскен жоқ және бұл мәселе күн тәртібінде де жоқ. Алайда түрлі елдің өзге мемлекеттердің ісіне араласуы туралы айтар болсам, әрқайсысының өз дәстүрі бар дер едім. Француз дәстүрі – швед дәстүрі емес. Сондықтан мен Францияның Украинаға көмектесу ниетіне құрметпен қараймын”,- деді.